Жетісу облысыМәдениет

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында тұңғыш 3D Fantasy ертегі

14-17 мамыр аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына балаларға арналған 3D Fantasy «Алтын сақа» ертегісінің премьерасы көрерменге жол тартпақ!

Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет сахнаға жол тартпақ! Ең алғаш театрда «Алтын сақа» ертегісін 1979  жылы режиссер Мұхтар Қамбаров сахналаған еді. Тура 45 жылдан кейін аталмыш ертегі фэнтези жанрында қайта жаңғырды.

Қоюшы-режиссер Мерей Әжібеков, қоюшы-суретші Жанат Дүйсенбаев, костюм-суретшісі Қарлығаш Шалабаева.

«Алтын сақадағы» баланың бойында классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер,  әдет-ғұрып барлығы ертегіде көрсетіледі.

Кішкентай кейіпкердің ерлігінің  арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады. Балаларға  қызықты  ертегі  ақылды болуға тәрбиелеп, батырлық пен батылдыққа шақырады.

Барша кішкентай көрермендерді сиқырлы ертегіні тамашалауға шақырамыз!

Related Posts

Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Жетісу облысы

«QOLDAU»: жазасын өтегендер жандар үшін жаңа мүмкіндік

Жетісу облысында «QOLDAU» әлеуметтік жобасы бастау алды. Бұл жоба бас бостандығынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Жоба жоспарлары мен жасалатын жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған қалалық
Жетісу облысы

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 Денсаулық сақтау объектісі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, үш нысанды