Қонаевта сауалнама жүргізген AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты осындай дерек жариялаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасында қоғамдық ортада буллингке тап болғандарға көмек көрсету керек екендігіне ерекше назар аударған болатын.
Аясында, Алматы облысының тұрғындарына буллинг туралы мәліметтер беру, олардың белгілері, адам өмірінде орын алатын салдары мен көрсетілетін көмектер туралы түсіндіру мақсатында партияның жастар қанаты сауалнама жүргізілді. Оған өңірдің барлық аудандары мен Қонаев қаласының тұрғындары қатысқан.
«Жастар рухы» ЖҚ-ның Алматы облыстық филиалының төрағасы Әсел Заированың айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі қысым көрген жағдайда қайда хабарласу қажет екенін білмейді.
«Өңірде барлық білім беру мекемелерінде 800-ден астам педагог-психолог қызмет атқарады. Мектеп оқушыларының буллингке ұшырамау және қысым көрмеу мақсатында мектептің әрбір педагогы үздіксіз жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімдерінде, мектептерде сенім телефондары бар. Алайда, сауалнамадан өткен 12 тұрғынның 8-і жәбір көрген жағдайда не істеу керектігін білмейді», – деді Әсел Заирова._
Айта кету керек, бұндай сауалнамалар проблемалардың ауқымы мен қандай шаралар қабылдау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.