Қоғам

Алматы облысында балалардың көбі қысым көргенде не істеу керегін білмейді

Қонаевта сауалнама жүргізген AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты осындай дерек жариялаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасында қоғамдық ортада буллингке тап болғандарға көмек көрсету керек екендігіне ерекше назар аударған болатын.

Аясында, Алматы облысының тұрғындарына буллинг туралы мәліметтер беру, олардың белгілері, адам өмірінде орын алатын салдары мен көрсетілетін көмектер туралы түсіндіру мақсатында партияның жастар қанаты сауалнама жүргізілді. Оған өңірдің барлық аудандары мен Қонаев қаласының тұрғындары қатысқан.

«Жастар рухы» ЖҚ-ның Алматы облыстық филиалының төрағасы Әсел Заированың айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі қысым көрген жағдайда қайда хабарласу қажет екенін білмейді.

«Өңірде барлық білім беру мекемелерінде 800-ден астам педагог-психолог қызмет атқарады. Мектеп оқушыларының буллингке ұшырамау және қысым көрмеу мақсатында мектептің әрбір педагогы үздіксіз жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімдерінде, мектептерде сенім телефондары бар. Алайда, сауалнамадан өткен 12 тұрғынның 8-і жәбір көрген жағдайда не істеу керектігін білмейді», – деді Әсел Заирова._

Айта кету керек, бұндай сауалнамалар проблемалардың ауқымы мен қандай шаралар қабылдау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.

Related Posts

Қоғам

Қонаевта рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарды жазалап жатыр

Қонаев қаласының тұрғындары Абай көшесінің бойында саудамен айналысатындарға жиі шағымдануда. Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан аяқ алып жүруге мүмкін емес әрі жәшіктер мен арнайы контейнерлер үнемі қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің
Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 282 пәтер Талдықорған қаласының әкімдігіне қайтарылды

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өз қызметін негізгі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, халықтың мүдделерін қорғауға және бюджетке келтірілген залалдың алдын алуға бағыттайды. Өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
Жетісу облысы

Алакөлде 1000 дауыс берушіге 20 мыңдық сертификат берілді

Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы №45 дауыс беру учаскесінде 1000-шы болып дауыс берген Вера Чичеваға, №46 дауыс беру учаскесінде 1000-шы болып таңдау жасаған Жаңыл Хасеноваға «Sunrise» мейрамханасының 20 мыңдық сертификаты табысталды.
Жетісу облысы

Балалардың құқықтарын қорғауды басымдықта нығайту: Қазақстан зорлық-зомбылықпен күресуге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде

Қазақстандағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдардың назарында қалатынын атап өту маңызды. Қазақстан өзінің әлеуметтік-құқықтық саясаты шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басым міндеттердің бірі ретінде таниды.