News

Алматы облысында биыл қауіпті өнеркәсіпорында 112 жабдықты ауыстыру жоспарланған

Бүгінгі күні департамент қадағалауында өңірдегі 571 кәсіпорын, оның ішінде 1809 нысан тіркелген. Бұл туралы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Мөлдір Алибаева баспасөз мәслихатында баяндады.
Департамент өкілінің сөзінше,биылғы жылдың техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жоспарына сәйкес 8 кәсіпорында 112 бірлік жабдық пен технологиялық желіні ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыстардың маңыздылығы, авариялық жағдайлардың алдын-алу.

«Аппаттың алдын алу мақсатында бірінші жартыжылдықтың нәтижесінде, 5 кәсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 69 техникалық құрылғы мен технологиялық желілер ауыстырылды.Сонымен қатар, екінші жарты жылдыққа жоспарланған жұмыстар бойынша, 50 желіні ауыстыру көзделген»,-деді Мөлдір Алибаева.

Департамент жүргізген талдау деректері бойынша, облыстың қауіпті өндірістік объектілерінің тек 13,5% — ы соңғы 5 жылда техникалық қайта жарақтандырудан өтті. Сол себепті спикер, қауіпті өндірістік объектілеріге техникалық құрылғыларды уақтылы ауыстыруға кеңес берді.