Без рубрики

Алматы облысында пробация есебінде тұрған азаматтарға рейд жүргізілді

Прокуратура және Полиция қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақытта тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараның мақсаты – пробацияда тұрған тұлғалар арасындағы қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, осы бағытта прокурорлық қадағалауды күшейту және пробациялық бақылауды арттыру.

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі.

Тексеріс нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, оларға прокурормен сот жүктеген жазаның өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған жағдайда (қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарды қайталап жасау, пробация қызметіне дәлелсіз себептермен тіркеуге келмеу т.б.) сотпен тағайындалған жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылатыны туралы ескерту жұмыстары жүргізілді.

Аталған бағыттағы атқарылатын іс-шаралар жалғасады.