Жаңалық

Шала туған нәрестелерді емдеуге арналған құрылғылар табысталды

«A-Class Medical» ЖШС Басқарушы компаниясы инвестиция жоспарына сәйкес, инвесторлардың қаражаты есебінен жаңа туған нәрестелерді емдейтін Интенсивті терапия палатасына (ИТП) неонатальды желдеткіш сатып алды. Осылайша, Талғар перзентханасының дәрігерлері енді бұл жабдықты тыныс алу жеткіліксіздігі және өкпенің қабынуына әкеліп соғатын респираторлы дистресс-синдромы бар науқастардың еміне пайдалануға мүмкіндік алды.

Енді жаңа құрылғының іске қосылуымен салмағы өте аз, шала туған нәрестелердегі ентігу, экспираторлы шу, тыныс алу кезінде кеуде қуысының ауырсынуы, тыныс алудың әлсіреуі сынды ауруларды емдеуге болады.

«Бұл желдеткіштің көптеген артықшылықтарын айтуға болады. Компрессор дыбыссыз және оның импульсті оксиметрі бар. Біз тыныс алу барысын есептей аламыз және түрлі тыныс алу режимін орнатамыз. Сонымен қатар, осцилляция режимін қосуға болады, яғни медициналық ауа мен оттегіні қажетті концентрацияда араластырып, тіпті арнайы ылғалдандырғышта газды қыздыру және ылғалдандыруға да мүмкіндік бар», — дейді неонатолог Фазиля Қалиасқарқызы.

Сонымен қатар, Талғар перзентханасындағы босану немесе операция бөлімінде жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және тұрақтандыру үшін төсек жанында жүрек соғу жиілігін бақылауға мүмкіндік беретін кардиомонитор пайда болды. Бұл кардиомонитор тыныс алу, жүрек ритмінің өзгеруі және аритмия туралы ақпарат береді. Тіпті сепсистің алғашқы белгілерін көрсете алады.

Талғар перзентханасының медицина қызметкерлері «A-Class Medical» ЖШС Басқарушы компаниясына барлық жаңа туған нәрестелер үшін қажетті жабдықты сатып алуға көмектескеніне алғыс білдіреді.

«ДДСҰ мәліметі бойынша, әлемдегі нәрестелердің 10%-ы шала туылады және бұл – шақалақтар өлімінің негізгі себебі. Мұнымен қоса, жалпы балалар өлімінің екінші себебі. Балалар құқығы туралы Конвенцияға, сондай-ақ ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, Қазақстанда 2008 жылдан бастап сәбилердің өмір сүру жағдайын бағалайтын жаңа критерийлер енгізілді. Дәрігерлер шала туудың салдарын уақытында және дұрыс медициналық көмек көрсету арқылы жоюға болатынын біледі. Сондықтан, мемлекет мұндай балалардың өз уақытында дамуын қамтамасыз етуге міндетті», — деді неонатолог Айжан Нұрланқызы.

Еске салсақ, медицинаның нәрестелерге неонатальды көмек көрсету бағытындағы жетістіктерінің және түрлі жабдықтарды қолданудың арқасында шала туған балалар өлімі соңғы онжылдықта айтарлықтай азайды.

 

Related Posts

Жаңалық

Саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу

Жаңбырлы маусымның басталуымен көптеген адамдар саңырауқұлақтарды жинауды ұнатады. Бұл өте сақтықпен қолдануды қажет ететін өнім. Бұл мәселеде адам неғұрлым көп хабардар болса, біз жақсы көретін табиғи өнімді тұтынудың жағымсыз салдарын
Жаңалық

Дәрігерлер тілме ауруына шалдыққан науқасты құтқарды

Алматы облысында тілме ауруына шалдыққан азамат МӘМС есебінен қажетті медициналық көмек алды. Бұл дерт – терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене
Жаңалық

Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

Шара аясында Жамбыл ауданының ірі сауда орталықтарында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Игі бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Аясында қор өкілдері