Без рубрики

Алматы облысында қызылшаның 3000-ға жуық жағдайы тіркелді

Қазіргі таңда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі .

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында денсаулық сақтау басқарма басышының орынбасары Онғарсын Байұзақов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.

Мамандардың айтуынша өңірде жұқпаның 3000-ға жуық жағдайы тіркелді, оның ішінде 1800 жағдай расталды.
Науқастардың көбі 14 жасқа дейінгі балалар.

“Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы өңірде 112 200 адамға вакцина салу жоспарланып отыр.
Оның ішінде 6 айдан бастап 10 айға дейінгі 25 093 бала, 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі 76 280 бала қамтылады.Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының 6 130 қызметкері және 4697 азамат қосымша иммунитетін жасанды жолмен көтере алады,-дейді Байұзақов Оңғарсын

Мамандар, Алматы облысында 10 айдың қорытындысы бойынша 2200 адам екпе салдырудан бастартқанын алға тартты.

«Халықтың екпеден бас тартуының себептері әлеуметтік желілерден алынған қате пікірлер мен діни түсінік пайымдары.
Сонымен қатар, интернет ресурстардағы мүлдем расталмаған материалдар. Сондықтан қызылша ауруына шалдыққандар саны артып келеді», – дейді Саулет Баймұхамбетқызы.

Спикерлер кез келген аурудың ең жақсы емі алдын алу екенін айтып, облыс тұрғындарын екпе алуға шақырды.