ҚоғамМәдениет

Талдықорған драма театры 60 мыңнан астам көрерменнің көзайымына айналды

Жыл басынан бері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында көптеген тың жаңалықтар орын алды. Өнер ұжымының жеткен жетістіктері де аз емес.

Халықаралық  фестивальдерге қатысып биік белестерді бағындырып жүр.  Орны  бөлек  киелі өнердің қай кезде болсын төресі биік. Мұны театрсүйер  қауым ыстық ықыласымен дәлелдеп келеді. Мәселен, театрға былтыр қойылым тамашалауға 47 мың адам келсе, биыл оның саны 60 мыңнан асқан.

Бейсен  Құранбек  атындағы Журналистер үйінде Өңірлік коммуникациялар  қызметінің  ұйымдастыруымен театр ұжымымен бірге баспасөз мәслихаты өтті.  Жиын  барысында театрда атқарылып жатқан жұмыстар сөз болып, БАҚ өкілдерінің көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап берілді.

«Осы жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен I Халықаралық  «ALMATY  PUPPET FESTIVAL»  қуыршақ  театрлары фестиваліне В.Воробьевтың  «ҚЫРСЫҚ»  эксперименталды қуыршақ қойылымымен қатыстық. Бұл  жарты  ғасырға  жуық  тарихы  бар  киелі орда  үшін үлкен жаңалық болып отыр. Себебі, театрымыздың репертуарында алғаш рет қуыршақ  қойылымы  сахналанса,  әрі аталмыш қойылым тұңғыш рет халықаралық  деңгейде  өткен  қуыршақ  театрлары  фестиваліне  қатысты», — деді театр директоры Ерлік Жуасбек.

Бүгінде киелі орда жастарға қолдау көрсетіп және жаңа мүмкіндіктер беруде. Мұннан  тәлім  алған шәкірттер  тек  театр сахнасында ғана емес, отандық фильм, сериалдарда да төбе көрсетіп жүр. Атап айтсақ,  Еркебұлан Айдымбаев «Ағайынды», «Әділеттің жолы», «Қарасу», «Coco & Jambo»-ға, ал Мейіржан Нұров «Брат или брак 3», «Батыр из прошлого», «Нвп Ағай», «Бозторғай Жылы ұя» туындыларына түсті.

«Осы жыл біз үшін есте қалатын жыл болды. Жалпы саны 7 фестивальге қатыстық. Бұл актерлар үшін өте үлкен мүмкіндік болды. Басқа режиссерлардың еңбегін көріп, әртістерінің өсу деңгейін көрдік. Біздің деңгейіміз қандай, қай тұста өзімізді қамшылауымыз керектігіне мән бердік.

Көкшетау қаласында өткен «СӘЛЕМ» Халықаралық театр фестиваліне «Қазақы комедия» қойылымымен қатыстық. Өнер бәйгесіндегі қойылым көкшетаулықтардың көңілінен шықты. Жұртшылық қазақы комедияны жақсы қабылдады», — деді Еркебұлан Айдымбаев.

«Петропавл қаласында өткен Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған республикалық театр фестиваліне де қатысқан болатынбыз. Онда бақ сынаған  Г.Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымы қазылар алқасы мен көрермен қауымның көңілінен шығып, «Темірбек Жүргенов атындағы арнайы сыйлық» номинациясын иеленді. Фестиваль өте жоғары деңгейде өтті. Себебі мұнда мен, мен деген театр әлеміндегі шын мықтылардың басы бірікті. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, ол жақтан тәжірибе жинап, өзімізге керегін алып қайттық», — деп ойын бөлісті Мейіржан Нұров.

Сонымен қатар, жақында  күллі түркі халықтарының басын қосқан Түрікменстан  Республикасында өткен фестивальде театр ұжымы облыстың ғана емес, сондай-ақ, бүкіл қазақ елінің намысын қорғап, алғаш рет фестивальге қатысқан облыстық театр.

«Республикалық  фестивальдерден бөлек халықаралық деңгейде  өткізілетін  Түрікменстан  Республикасының  Ашхабад қаласында өткен IV халықаралық «Театральное искусство эпохи счастья» фестиваліне «Қорғансыздың  күні» қойылымын көрерменге ұсындық. Бұл өнер бәйгесіне қатысу арқылы  театрымыз  шет  елдік әріптестерімізбен тәжірибе алмасты.  Өнерлерін шыңдап, жаңа нәрсе үйреніп, қазақ театр өнерінің жаңа баспалдағына қадам жасады», — деп өз ойымен бөлісті Айгерім Бектемірова.

Айта кетейік, халықаралық фестивальге Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан,  Тәжікстан мемлекеттері келді. Жоғары дәрежеде өнер көрсеткен Талдықорған  драма  театры ұжымы министрлік  пен фестивальдің арнайы кубогымен және ТҮРКСОЙ  халықаралық ұйымының дипломымен марапатталды.

Баспасөз мәслихатынан соң театр директоры Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған «BIKEN» I-Халықаралық театр фестивалінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан журналистер қауымын Алғыс хатпен марапаттады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 555 әйел жатыр мойны обыры ауруымен есепте тұр

2023 жылы Жетісу облысында жатыр мойны обырының 62 жаңа жағдайы есепке алынды. Олардың 26-сы скрининг арқылы, қалғандары медициналық мекемелерге шағымдану арқылы анықталды. Осылайша, бүгінгі күнге дейін осы дертпен ауырғандардың саны
Жетісу облысы

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру жүзеге асырылуда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында Жетісу облысының әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сынмен сүйемелденетін 9 бағыт айқындалған. Бүгінде оның 8-і қамтылып, өзекті мәселелерді оңтайландыру
Қоғам

Қонаевта рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарды жазалап жатыр

Қонаев қаласының тұрғындары Абай көшесінің бойында саудамен айналысатындарға жиі шағымдануда. Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан аяқ алып жүруге мүмкін емес әрі жәшіктер мен арнайы контейнерлер үнемі қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің
Жетісу облысы

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан сұхбатын сарапшылар талдау жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаттын Талдықорған қаласының сарапшылары талдады. Жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы,