News

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды.

Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден 18:30-ға дейін көмек алу пункті ашық болатыны айтылған хабарламада. Бұл туралы Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша,  әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы маңызды. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым, — дейді мекеменің баспасөз қызметі.

Гуматинарлық көмек келесідей болуы керек:
-киім-кешек;
-азық-түлік;
-гигиеналық заттар;
-жөргек-жайлықтар;
-тұрмыстық заттар.

Анықтама үшін: Дидар Жұмахан, +7 705 869 65 06