News

Алматы облысында заңсыз қаруды сатып алуға 3 млн теңге бөлінген

 

Облыс көлемінде заңсыз тіркеуде жоқ қару-жарақтарды ақшалай сатып алу акциясы өз мәресіне жетіп, қаражат толығымен игерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының м.а Еркебұлан Ахметов баяндады.
Іс-шараның мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын анықтау және қаруды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу.
Еркебұлан Ахметовтың сөзінше, аталмыш акция биылғы жылдың 22 сәуірінде бастау алды.Ал,қылмыстың санын азайту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға мемлекеттен 3 млн 611 мың ақша бөлінген.
Атқарылған жұмыстарды қортындылай келе, өңірде азаматтардан 42 дана қару, 11 дана ойық және 32 дана тегіс ұңғылды, 1 дана травматикалық қару қабылданды. Жылпы өз еркімен суық қаруды өткізуге өтініш берушілердің саны 30-дан асқан.
«Акция аясында азамат ішкі істер органдарының бөлімшелеріне хабарласып, тіркелмеген қаруды тапсыру арқылы ақшалай сыйақы алды. Сатып алуға заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілердің, сондай-ақ жарылғыш заттардың барлық түрлері жатады.ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына cәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады»,-деп қорытындылады Еркебұлан Ахметов.