Без рубрики

Алматы облысында жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу деректері анықталды

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментімен жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізетіндігі анықталды. Кезекті жалған ақшаны өткізу барысында күдікті тұлғалар ұсталып, жүргізілген тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары анықталып алынды.

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

ҚМА жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.