Жаңалық

Алматы облысында жыл сайын жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 400 мыңға жуық жағдайы тіркеледі

Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар халықтың медициналық көмекке жүгінетін себептерінің бірі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов айтты.

Өңірдің бас санитарының айтуынша,облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай вирустық А гепатиті, тағамнан улану, туберкулез, қызылша, эпидемиялық паротит ,ЖРВИ, тұмау, эхинококкоз сырқаттанушылықтарының өсуімен, жіті ішек жұқпасы, парентеральді гепатиттер, кене энцефалитінің төмендеуімен сипатталады. Сонымен қатар былтыр аймақта оба, тырысқақ, сібір жарасы, құтырма, туляремия сынды қатерлі жұқпалары аурулар тіркелмегенін атап айтты.
Сала басшысының сөзінше тұмаудың эпидемиялық маусымы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады. Ал, осы уақытта сыртқаттанатындардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар.Мәселен, былтыр эпидмаусымда жіті респираторлық вирустық инфекцияның 382 892 жағдайы орын алса, балалар арасында 250 638 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 65% -ды құрайды. Облыс бойынша тұмауға қарсы вакцинация былтыр қазан айынан бастап жүргізіліп, халықтың жалпы санының 11 пайызы екпе алған.

Спикердің баяндауынша, аймақта қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Аптасына жұқпалы аурудың 200 жағдайы орын алуда. Жыл басынан бері облыс көлемінде алғашқы белгілерімен 5 675 жағдайы тіркеліп, 3 652-і зертханалық талдау нәтижесінде расталған.

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес, елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. 2024 жылдың 12 ақпан айына қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға жататын 112 200 адамның 83% -ы егілді»,-дейді Марат Исмаилов.

Облыста көкжөтел мен КВИ жұқпалы ауруының эпидемиолгиялық жағдайы тұрақты. Бүгінгі таңда 6 көкжөтел және 2 КВИ жағдайы тіркелген. Марат Исмаиловтың сөзінше, сырқаттанушылықтың басым бөлігі Жамбыл ауданында тіркелген.
Маман, уақтылы жүргізілген иммундау-аурудың одан әрі таралуын болдырмайтынын алға тартуда.
«Халықтың екпеден бас тартуына әлеуметтік желілерден алынған қате пікірлер мен діни түсінік пайымдары ықпал етуде. Сондай-ақ, интернет ресурстарда таралған жалған ақпараттар елдің екпеге деген наразылығын тудыруда»,-деді Марат Исмаилов.
Сөз соңында спикер кез келген аурудың ең жақсы емі алдын алу екенін айтып, облыс тұрғындарын екпе алуға шақырды.

Related Posts

Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850
Жаңалық

«Zhasproject»: Алматы облысының жастарына 1 млн теңге грант беріледі

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін  «Zhas Project»  жобасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев пен Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның ағашқы нақтамасымен 1016 жағдай тіркеліп, оның 721 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,0%. Айта кетерлігі