News

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 171 өрт оқиғасы тіркелд

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы айтты
Спикердің айтуынша, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, тұрмыстық газды дұрыс тұтынбаудың нәтижесі оқыс оқиғаға әкеліп соғуда.

« Облыс аумағында жылыту маусымы басталғанан тұрғын үй секторында өрттің саны едәуір артты. Қазіргі таңда 171 өрт оқиғасы тіркелген. Жылыту маусымы аралығында өрттен 6 адам қаза тауып, 1 млн 032 мың теңге материалдық залал келтірілді. Өртке қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде 192 924 мың үйді аралау арқылы ұсыныс түбіртектер таратылып, нұсқаулықтар берілді»,-деді Самат Кенжехан

Спикер, өрттің алдын алу үшін қарапайым ережелерді ұмытпау керегін ескертті.
«Тұрғын үйдегі пеш пен мұржаны 3 айда бір рет тазарту керек. Жанғыш заттарды пештен кем дегенде 0,5 м ара қашықтықта орналастырған абзал.Үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс. Осындай ережелерді ұстану арқылы қайғылы жайттың алдын алуға болады»,-деп қорытты Самат Кенжехан