News

Алматы облысында жылыту мауысы кезінде 224 өрт оқиғасы тіркелген

Төтенше жағдайлардың көпшілігі жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үйлерде орын алатыны белгілі болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы айтты
Спикердің сөзінше, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, тұрмыстық газды дұрыс тұтынбаудың нәтижесі оқыс оқиғаға әкеліп соғуда.

«Жылыту маусымы басталғаннан бері аймақта 224 өрт оқиғасы орын алды. Салдарынан жеті адам қаза тапты. Ал, 12-22 ақпан аралығанда 16 өрт оқиғасы тіркелген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Көміртегі тотығымен уланудан емдеу мекемелеріне 6 адам жүгінді. Сол себепті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға кеңес береміз»,-деді Самат Кенжехан

Департамент қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрттен сақтанудың жолдарын айтты. Мәселен,жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды. Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдында сақтамауды ескертті. Пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа жанғыш сұйықтықтарды қолануға болмайды.
Еске саламыз, өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.