Без рубрики

Екі жұп егізді Қонаев қаласының ерлі-зайыптылары Руслан және Алида тәрбиелеп отыр

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Халықаралық балалар күніне орай, уақытынан дүниеге ерте келген сәбилерді салтанатты түрде құттықтады. Солардың қатарында Айша мен Әнел есімді егіздер бар. Апалы — сіңлілердің Әмина және Алина есімді әпкелері бар екен. Олар да егіз.

Көпбалалы ана Алиданың екі жүктіліктен де бірдей егіз бала туғаны қалай деген сұраққа, олардың отбасында егіздердің көп екенін, егер бірінші рет ешкім таң қалмаса, екінші егіздерде ата-ананың өздері де таң қалғанын жасырмады. Отбасы дүниеге тағы да балалар әкелуді жоспарлайтынын да жеткізді. Отағасыф Руслан келесі жолы егіз ұл күтетінін, бақытына қарай әрқайсысында екі-екіден күтуші-әпкелері болатынын айтады.

Таңертеңнен кешке дейін үй шаруасы. Төрт баланы тәрбиелеу оңай емес.  Біздің отбасының басты көмекшілері – балалардың әжелері. Бала тәрбиесіне көп көмектесіп жүрген жолдасымның анасына, өз көмегін аямаған өз анама да алғысым шексіз. Біздің балалар қазір, менің ойымша, ең қызықты шағында. Олар өте күлкілі, тіпті балалық өзара «дауласулары» да бар. Сәбилеріміз дүниеге келген Қонаев қаласындағы перзентханаға алғысымыз шексіз. Жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келсек те, дұрыс күтім жасап, қажетті ем-шараны, яғни дәрі-дәрмек, медициналық көмекті алдық. Бүгінде жағдайымыз жақсы. Мен ана ретінде, екі жүктілігімде де акушер-гинекологтар мен неонатологтардың  қолдауына ие болғаныма қуаныштымын. Оларға отбасыммен бірге алғысымды айтамын. Керемет дәрігерлер. Төрт қызымыз да өскенде дәрігер мамандығын таңдаса деген ниетіміз бар», — деді егіздердің анасы Алида Маликова.

Айта кетерлігі, Қонаев қалалық ауруханасы мен  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес Акционерлік қоғамы арасында келісімшарт жасалған. Сондықтан мұнда халықтың әлеуметтік осал тобына тегін медициналық көмек көрсетіледі.