Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз айынан бастап, қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақсыз. Бүгінде алғашқы нақтамамен 778 жағдай тіркеліп, оның 576 расталды.

Расталған жағдайлардың 81% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған.  Жас көрсеткіші бойынша басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар. Яғни 56,2%.

Қосымша жаппай иммундаумен облыста 34 131 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 3449, 2-4 жастағы бала – 24 732, медициналық қызметкер – 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын – 2373.

Құрметті ата-аналар! Қызылшаның ең тиімді алдын алу жолы — вакцинация. Әр қосымша доза иммунитетті нығайтатынын ескеріп, екпе алуға шақырамыз!

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында АИТВ-инфекциясына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы Алматы облысында АИТВ-инфекциясының 263 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған. Өкінішке қарай, індет жабыстырғандар арасында 1 мен 4 жас аралығындағы балалар да бар. Алматы
Жаңалық

Қонаев қаласының дәрігерлері өлім аузында жатқан кейуананы аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында 75 жастағы кейуанаға күрделі ота жасалды. Ол Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына аса ауыр хәлде түскен. Ол үйінде бірнеше күн жатып қалған. Медициналық қызметкерлерге жүгінбеген. Аурухана қабырғасына