ҚоғамСпорт

Жетісу облысының спортшылары бір жылда 1760 медаль жеңіп алды

Жетісу облысының елді-мекендеріндегі 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде. 2023 жылға облыстық бюджеттен осындай тағы 14 жаңа спорт нысанын салуға 8,1 млрд. теңге бөлінді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық спорт түрлері, спорт резерві және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Саят Сарқытов айтып берді.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының спортшылары барлық деңгейдегі жарыстарда 1760 медаль жеңіп алып, 602 алтын, 605 күміс және 553 қола медаліне ие болды.
«Облыста жыл басынан бері 5 халықаралық, 32 республикалық, 129 облыстық, 120 аудандық (қалалық) турнир, ауылдық жерлерде 384 іс-шара өткізілді.
2023 жылдың басынан бері 17 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 103 спорт шебері, 726 спорт шеберіне кандидат және 287 бірінші спорттық разрядты спортшы дайындалды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жұмыс істейді. Олар Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы және Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, сондай-ақ, Ақсу ауданының Жансүгіров ауылы. Осылайша спорттық инфрақұрылым одан әрі дамитын болады», — деді Саят Сарқытов.
Облыста 25 спорт мектебі, оның ішінде 8 олимпиадалық резерв мекемесі бар. Мұнда 49 спорт түрі бойынша 22 мыңнан астам спортшы жаттығады. Оның ішінде 28 олимпиадалық және 21 олимпиадалық емес спорт түрлерімен айналысады. Сондай-ақ, аккредиттелген 50 спорт федерациясы мен 5 спорт клубы бар. Атап айтсақ, «Жастар» спорттық ойындар клубы, «Жетісу» футбол клубы, «Олимп» кәсіби регби клубы, «Жетісу» волейбол клубы, ұлттық спорт түрлері бойынша «Жетісу» спорт клубы деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының тұтынушыларына 12 миллионға жуық теңге қайтарылды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының 544 тұтынушысы өз құқықтарын қорғауға жүгінді. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Жетісу облысы бойынша сауда және интеграция министрлігінің басшысы Айдос Дауешовтың
Қоғам

Алматы облысында 23 заңсыз құрылыстың ісі сотқа жолданды

Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген кешенді тексерістер нәтижесінде құрылыс нормалары мен ережелерінің жүздеген бұзушылық фактілері анықталды.
Жетісу облысы

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің
Жетісу облысы

Абайлаңыз, жұқа мұз! Жетісу облысының су қоймаларындағы қауіпсіздік

Өңір өлкелерінде түрлі рекреациялық мүмкіндіктер беретін Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларын қосқанда 43-тен астам ірі ашық су қоймалары бар. Аңшылық, қысқы балық аулау маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары полицияның,