Жаңалық

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол жақтағы ішкі ағзалардың зақымдануы, 1,5 литр қан жоғалту диагнозы қойылған.

Онда жетекші хирург-дәрігер Нұрлыбек Омаров, ассистент хирург-дәрігер Малика Бақтығалиева, анестезиолог Нұрдәулет Евадилла науқастың өмірі үшін күресті. Операция тобы лапаротомия жасап, қан тоқтату шараларын жүргізді. Кейін барлық ішкі органдардың тұтастығын тексерді және зақымдалған мүшелер тігіліп, дренаж орнатылды. Операциядан кейін науқас хирургия бөлімінде антибактериялды инфузиялы терапия алып, жағдайы тұрақталды. Оған МӘМС аясында медициналық көмек тегін көрсетілді.

«Дәрігерлер өз қызметінде криминализация салдарымен жиі күресуіне тура келеді. Заңсыз психоактивті заттармен әуестенген жас жігітті немесе жас қызды өмірге қайта әкелу деген не екенін, ішімдікке салынған күйеуінің құрбаны болған әйелдің жағдайын, қатыгез, араққұмар бола тұра оны проблема санамайтын ата-аналардан балаларды қалай құтқаруға болатынын біледі. Біз осындай қылмыстардан кейін барлық зардап шеккен науқастарға кімнің кінәлі екенін сұрамай-ақ көмектесеміз. Біздің оған уақытымыз жоқ, өйткені өмір үшін күресте әр минут бағалы»,-дейді хирург-дәрігер Нұрлыбек Оразкелдіұлы.

Дәрігерлер адам өмірі құтқарылған бұл операцияның артында медициналық университетте алынған қаншама жылғы білім, бірнеше жылдағы ұйқысыз кезекшілік, ондаған курс пен тағылымдамалар жатқанын айтады.

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы бойынша желілердің тозуы орта есеппен 13% — ға дейін төмендейді

«Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аталған бағдарлама нәтижесінде су құбыры, кәріз жылу желілері мен электрмен жабдықтары жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика
Жаңалық

МӘМС: Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34
Жаңалық

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі  лауазымына тағайындалды. Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі