Жаңалық

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі  лауазымына тағайындалды.

Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында «Тоғызбұлақ» колхозында бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан Темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Алматы» қаржы-экономикалық орталығының есепшісі, салық есебі және бақылау бөлімінің экономисі, «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Іле аудандық пошта байланысы торабының бастығы, Райымбек ауданы Қарабұлақ селолық округінің әкімі, Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Райымбек ауданы әкімінің  орынбасары, Кеген ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың наурыз айынан Алматы облыстық маслихатының төрағасы болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

  Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирус симтомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші,немесе төртінші сатысынан хабар беретіні
Жаңалық

Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

Еліміздегі көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың алдын алу мақсатында “жалпыға бірдей декларация” тапсыру міндеттелген болатын. Ал,нысаның үшінші кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл туралы баспасөз мәслиханда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік
Жаңалық

Алматы облысында көпбалалы ана үшем босанды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Көпбалалы ана үшем босатынын естіген сәттен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің ерекше бақылауына алынды. 30 апталық мерзіміне жеткенде