ҚоғамҚұқық

Жетісуда #Birge науқаны ұлтаралық араздық сөздерінің алдын алуда

Жетісу облысында «араздық тілінің» алдын алуға баса назар аударылып, «Этностық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған медиа-жоспар» жүзеге асырылуда. Ксенофобия мен сепаратизммен күресу үшін ақпараттық шабуылдар мен мәлімдемелерге қарсы шараларды ұйымдастыру үшін арнайы топ құрылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдос Ешжанов және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Руфина Усанова және «Халықаралық даму орталығының» журналисі, MediaNet, #Birge ақпараттық науқанының контент редакторы Игорь Братцев мәлім етті.
2023 жылдың 6 қарашасында Астанада Қазақстан азаматтарының өзара сыйластық, тең құқықты құндылықтарын қолдауға, қоғамымызда бірлік пен әртүрлілікті сақтауға бағытталған #Birge ақпараттық науқаны басталды. Жоба елдің барлық аймақтарына таралатын көрнекі материалдар жасайды.
«Түрлі этнос өкілдері көп шоғырланған Панфилов, Көксу, Қаратал аудандарында тілдік ахуал тұрақты. Біздің облыста тіл үйренушілерге барлық мүмкіндіктер жасалған. Өңірлік «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық филиалдарда барлығы 10 тіл үйрету орталығы жұмыс істейді. Аталған орында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқытады. Бүгінгі күні мемлекеттік тіл курсында 855, орыс тілі курсында 26, ағылшын тілі курсында 279 студент білім алуда. 2023 жылы «Қоғамдық Келісім» құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен бірлесе мектептерде араздық сөздерін жоюға бағытталған түсіндірме кездесулер өткізді. Өңірде ұлтаралық татулық пен қарым-қатынасты нығайту жұмыстары тұрақты бақылауда», – деді Айдос Ешжанов.
Сондай-ақ ZOOM арқылы баспасөз мәслихатына MediaNet халықаралық журналистика орталығының сарапшысы, #Birge ақпараттық науқанының контент редакторы Игорь Братцев қосылды. Оның айтуынша, жоба аясында Қазақстан аймақтарындағы қоғамдық орындарда қазақ және орыс тілдерінде көрнекі материалдар әзірленді. Барлық үгіт материалдарында #Birge хэштегі және «Біз әр түрліміз, бірақ біргеміз!», «Біз Қазақстанбыз!» ұраны бейнеленген. Сондай-ақ постерларда QazNetEtiquette – ақпараттық кеңістіктегі 10 әмбебап және түсінікті мінез-құлық ережелері, ұлтаралық қақтығыстар мен араздық сөздерінің таралуын болдырмау мақсатында өзара сыйластық сілтемесі бар QR коды бар.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Руфина Усанова қазіргі уақытта Жетісу облысындағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. Әртүрлі жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша да бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар облыс бойынша постерлар мен банерлер ілінді.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда

Басты мақсат 5 желтоқсан –   Халықаралық  волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру  және  жеткен  жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу
Жетісу облысы

Төтенше жағдайлар туындағанда «Дармен» мобильді қосымшасы халыққа хабардар етпек

Жақында Алматы қаласында кезекті жер сілкінісі болғандығы баршаға мәлім. Осыған байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері БАҚ өкілдеріне Төтенше жағдайлар кезінде өз-өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтып, іс жүзінде көрсетті.
Қоғам

«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Жетісу өңірінде жалғасын тапты

Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар облыстарында басталған жоба бүгін Жер жаннаты – Жетісуда жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында өткен іс-шараға партия Хатшысы Шолпан Каринова, «Қазақстан
Жетісу облысы

ҮШЕМНІҢ АТА-АНАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Алдабергенов ауылдық округінде тұратын Имангабуловтар отбасында 2020 жылы үшем дүниеге келді. Имангабулов Айдос пен Имангабулова Маржан бір күннің ішініде көпбалалы отбасылардың қатарына қосылды. Бұл отбасыда алдында екі баласы болған. Имангабуловтар