Бүгін ауданның ірі командиттік серіктестігі басшысының орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты Александр Хильниченко Қарабұлақ ауылындағы №124 сайлау учаскесіне барып дауысын берді.
«Таза әрі сапалы табиғи өнім шығару – біздің командиттік серіктестіктің басты мақсаты. Болашаққа батыл қадам жасайтын уақыт келді. Мен еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым», – дейді Александр Хильниченко.