Қоғам

Игі бастама: Қонаев тұрғыны арнайы әлеуметтік мекемелерді тегін тазалап жүр

Алматы облысында «Zhas Project» жобасы аясында 1 миллион грант иесі атанған Алина Каримжанова өз ісін қайырымдылықтан бастады.

«Тазалық денсаулық – кепілі» атты жоба арқылы Алина Каримжанова бірінші бастамасын Қонаев қаласында орналасқан «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің демалыс бөлмесінің жиһаздарына химиялық тазалау жүргізілді.

Аталған мекеме басшылығы жобаны үлестіруші Алматы облыстық Азаматтық Альянс ұйымына өз ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік әлеуметтік көмек көрсету орталығында 40-қа жуық ана мен бала уақытша паналауда.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап бастау алған «Zhas Project» жобасы 6 өңірде пилоттық түрде жүзеге асырылып, 250 грант берілген. Ал биыл еліміздің барлық өңіріндегі жастар тартылады деп жоспарланған. Соған сай берілетін  грант саны да 280-ге артқан.