Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып келеді. Оған дәлел биылғы V  Республикалық «Жас архившілер» байқауы бойынша жүлделі 1-орынды «Жетісу жұлдыздары» еншілеген.
Десе де Бейсен құранбек атындағы журналистер үйіне Жетісу облысы
мемлекеттік  архивінің құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Кенже Қанапиянова мен Облыстық мемлекеттік архивінің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Гүлмира Дүйсенбекова бірқатар бұйымтайымен келді.
80 жылдық тарихы бар Жетісу облысының мемлекеттік архивінің мекемелерінде жалпы 2 837 қор, 717 608 сақтау бірліктері бар.
«Архив – ұлттың даму жолын, болмысын, бар тарихын айна-қатесіз құжат нұсқасында сақтайтын киелі шаңырақ. Өңіріміздің архившілері жүйелі жұмыс жүргізуде. Қор мен істері жыл санап өсіп келе жатқан мекеменің техникалық жабдығы да жоғары көрсеткішке ие. Алайда бүгінгі күні бізді мазалайтын өзекті мәселелер де аз емес. Жетісу мемлекеттік архивіне облыс орталығы Талдықорған қаласынан 2 милион, ал Текелі, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Қаратал филиалдарына  500 мың сақтау бірлігі сыйымдылығымен ғимарат салуды қажет етеді. «Архив-2025» іс-шаралар жоспары аясында құжаттардың физикалық-химиялық, техникалық жай-күйін анықтап, зақымданған парақ беттерін өңдеуден өткізу үшін қалпына келтіру зертханасын сатып алу қажет.», — дейді Кенже Қанапиянова.
Гүлмира Дүйсенбекова әріптесі айтқан өтініштер бойынша жауапты органдарға сұраныс білдіргенін жеткізді. Нәтижесінде қазіргі таңда қала әкімі Жетісу мемлекеттік архивіне арнап өлкеден 70 соттық жер берді. Келесі жылдан бастап бөлінген жерге құжат сақтауға арналған ғимарат бой көтермек. Спикеріміз болашақта басқа қала аудандарға да көңіл бөлінсе екен деп тәмәмдады сөзін.
Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 102 жастағы кейуана дауыс берді

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп,
Жетісу облысы

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты.
Қоғам

Шомылу маусымы

Көптен күткен шомылу маусымы басталып та кетті. Тұрғындар жаз мезгілінде жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық
Жетісу облысы

Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Ескелді ауданы - аграрлы аймақ, негізгі бағыты - ауыл шаруашылығы. Қазіргі уақытта ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде қажетті тұқым мен минералды тыңайтқыш және дизель отынымен қамтамасыз ету
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *