Жаңалықтар

Кеген ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау мәселесі шешімін тапты

Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларғаинватакси сыйлады

Бұған дейін ата-аналар «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен аудан әкімінің кездесуінде өз өтініштерін жеткізгенеді. Олар балаларды мектепке, медициналық мекемелерге және басқа да маңызды орындарға апару қиын екенін айтты.

«Біз балаларымызды тасымалдау үшін әрдайым көлікіздеуге мәжбүр болдық. Такси жүргізушілері қоларбасын алудан бас тартатын, қоғамдық көліктермүлде ыңғайсыз. Сондықтан бұл мәселені аудан әкімінің қабылдауында көтердік. Қысқа уақыт ішінде нақты шешім шыққанына қуаныштымыз», – дейді ата-аналардың бірі.

Қабылдауда көтерілген бұл мәселе «AMANAT» партиясының Кеген аудандық филиалы арқылы облыстық деңгейде қаралды. Нәтижесінде, аудандық жұмыспен қамту орталығына арнайы жабдықталған инватакси бөлінді.

«Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, нақты шешім шығаруға күш салдық. Ата-аналар көтерген мәселе әлеуметтік маңызы зор болғандықтан, оны облыстық деңгейде қарастырып, шешімін табуға күш салдық. Арнайы инватакси бөлініп, ерекше қажеттілігі бар балалардың күнделікті жүріп-тұруы жеңілдеді. Енді олар қажетті мекемелерге еш қиындықсыз жете алады», – деді партияның аудандық филиал төрағасы Тұрсынбай Әлімбай.


Заманауи көтергіш механизмдермен жабдықталған инватакси енді ерекше қажеттілігі бар балалардың қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдануына мүмкіндік береді. Бұл бастама олардың сапалы білім алуына, медициналық қызметтерге уақытылы қол жеткізуіне және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жол ашады.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріхалық пен билік арасындағы тікелей диалог алаңы. Мұнда азаматтар өз мәселелерін көтеріп қана қоймай, оның нақты шешілуіне тікелей ықпал ете алады.