Кеше Алматы облысы Кеген ауданында «Ислам және зайырлы мемлекет» атты аудандық форум болып өтті.
Форумның басты мақсаты – қоғамда жиі талқыланып жүрген зайырлы мемлекет туралы түсінікті кеңейту. Форум Кеген аудандық Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік жобаларды іске асыру негізінде «Шолпан ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
«Ислам және зайырлы мемлекет» атты аудандық форумға арнайы шақыртумен елімізге танымал дінтанушы- лекторлар, Жетісу облыстық дін істері басқармасының дінтанушысы, психолог маманы, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі – Мүтебаев Қанат Маратұлы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі-Әліп Тұрсынғали, Кеген аудандық «Әулие Абыз Әлмерек баба» мешітінің бас имамы – Моллақанағатұлы Рахматулла қатысты.
Форумға ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, әр ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағалары және аналар кеңесінің төрайымдары мүшелерімен, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих пәнінің мұғалімдері, балабақша меңгерушілері, қоғамдық ұйымдар, жастар, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы мүшелерімен және БАҚ өкілдері шақырылды.