Жаңалық

Жаңа жыл күндері Қонаевта 10-нан аса сәби дүниеге келді

Ұлу жылы сүйіншімен басталды. Жаңа жыл күндері Қонаев қаласында 10 нан аса сәби дүниеге келген. Қатарында Дінмұхамед есімді азаматта бар. Қазір ол облыс орталығындағы перзетханада жатыр. Айта кетейік, жылдың алғашқы күндері Алматы облысында 11 сәби дүние есігін ашқан.

Мереке қарсаңында Қонаев қалалық перинитарлық орталықта әдеттегідей кезекшілік тоқтаған жоқ. Жаңа жыл күндері мұнда 10 нан аса нәресте дүние есігін ашып, ата-анасын қуантты. Олардың бірі Дінмұхамед есімді азамат.

«Үйіміздің тұңғышы. Осы қалада тұрып жатқанымызға 20 жыл болды. Сондықтан осы есімді ырымдап қойдық», — дейді анасы Гүлсезім Қаржау.

Ал, Мерей Бекзатқызы1 ші қаңтар күні туған бала. Салмағы 3 кг 400 грамм. Бойы 54 см. Орталықта 3 күннен бері дәрігерлердің бақылауында. Бүгінде анасының да, өзінің де денсаулығы жақсы. Жалпы, Қонаев қалалық перзентханада білікті 8 дәрігер бар. Олардың әрқайсысы барлық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген. Жыл сайын түрлі курстарды оқып, ана мен балаға қажетті жағдайды жасайды.

«Өзім 28 жылдық тәжірибесі бар акушер- гинеколог дәрігермін. Сондықтанда осы Жаңа жылмен барша аналарды шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Сіздерге тек бақыт, табыс тілеймін. Бізге келетін аналарымыз көп болсын. Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша бізде 1550 сәби дүниеге келген. Биылғы жылы туу көрсеткіші өседі деген сенім бар. Себебі, алғашқы күндердің өзінде 10 нан аса нәресте өмірге келді. Барлық аналарға медициналық қызмет МӘМС аясында тегін жүргізілді», — деді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасыны директоры Айман Ракишева.

Айта кетейік, Жаңа жыл күні елімізде шамамен 200 нәресте дүние есігін ашқан. Нақтырақ айтқанда, 101 ұл мен 90 қыз бала туды. Бұл орайда Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 38 бала өмірге келді. 2-орынды 23 сәбидің кіндігі кесілген Шымкент қаласы емденді. Алматы шаһары тұрғындарының саны 22 баламен толықса, елордада 10 сәби дүниеге келген.

 

Related Posts

Жаңалық

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған.
Жаңалық

Ертеңнен бастап Жамбыл ауданынан Алматыға жаңа маршрут шығады

20 қазаннан бастап Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылынан Алматы қаласына жаңа маршрут қатынайды. №236 бағыттағы қоғамдық көлік Шамалған ауылы арқылы өтетіндіктен аталған ауылдың тұрғындарын да тасымалдайды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік