Мазмұнға өту

Іле ауданында ардагерлер ұйымының төрағасы дауыс берді

1 0 Жаңалық

Ардагерлер ұйымының облыстық филиалының төрағасы №1062 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Іле ауданында ардагерлер ұйымының төрағасы дауыс берді

Бүгін, 23 тамызда, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы Ерболат Тұрымбетов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.

Ол Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бірлік пен ынтымаққа шақырды

Ерболат Тұрымбетов тұрғындарды ел болашағына жауапкершілікпен қарап, ауызбіршілік пен татулықты сақтауға үндеді.

«Елдің ең үлкен күші – бірлік пен ынтымақта. Татулық пен тұрақтылықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі сайлау да ел болашағы үшін маңызды кезең. Халқымыз әрдайым бірлігін бекемдеп, ортақ мақсат жолында жұмыла білсін», – деді Ерболат Тұрымбетов.

Ол аға буын өкілдері үшін ел тыныштығы, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығының орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ әр азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге жауапкершілікпен қатысуы мемлекет дамуына қосқан үлесі екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта №1062 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.

Мәтіннен қате таптыңыз ба? Белгілеп, Ctrl+Enter басыңыз.

Сайлау күні жолақы жоқ: Алматы облысында автобустар тегін жүріп жатырКелесі материалСайлау күні жолақы жоқ: Алматы облысында автобустар тегін жүріп жатыр