ЖаңалықтарЖетісу облысы

Көктемгі шақыру науқаны барысында 2000 мыңға жуық азамат әскерге шақырылады

1 наурыздан бастап елімізде мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды, ол 29 маусымға дейін жалғасады. Жетісу облысында 18 бен 27 жас аралығындағы екі мыңға жуық азамат көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметке жіберілмек.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскери құралымдарына – алдын ала наряд бойынша 963 адам жоспарда тұр. Атап айтсақ, Қарулы күштерге – 500 адамға жуық, Ұлттық Ұланға – 355 адам, ҰҚК шекара қызметіне – 100 сарбаз және ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне 10 азаматты шақыру жоспарланған.

Әскерге шақырылатындарды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үйлеріне және қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады. Ал, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтерін азаматтарға жергілікті атқарушы органдар «электрондық үкімет» порталы арқылы ақысыз көрсетіледі. Сайтта egov.kz барлық жергілікті әскери басқару органдарында бұл мәселені шешу кезінде басшылыққа алынатын жадынама бар.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сарбаздарға «кредиттік демалыс» беру жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде облыс бойынша әскери қызметшілердің төлемдері кейінге қалдырылып жатыр.