Жетісу облысыҚұқық

Жетісулық БАҚ өкілдері шекара аймағының тынысымен танысты

1967 жылы құрылған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарқан» шекара бөліміне қарасты «Басқан» шекара бөлімшесі тәуелсіз күн тұғыры мен ел қауіпсіздігін қалт жібермей күзетуде. Өз отбасынан тыс жерде отанының тыныштығын ойлаған сақшылардың бір күндік өмірін Жетісу журналистері көзбен көріп, ішпен біліп қайтты.

Аталған әскерилер бөлімі Екіаша ауылдық округіне қарасты Тополевка ауылына 8 шақырым жерде орналасқан. Шаңырағымыздың шығысына шағылысқан Қытай мемлекетімен тұспа-тұс 35 шақырым жерді күзетеді.  Мұндағы әр азамат жұмысына жауапкершілікпен, аса қырағылықпен қарайды. Себебі беліне елінің амандығын арқалаған.

Учаскеде ат бегінен бастап арнайы шекарашы иттерді үйрететін кинолог мамандарға дейін қызмет етеді. Жетінші ата заманынан арғы дәуірден-ақ жеті қазынамызға енген бұл жануарларды 6 ай бойы баптап, даярлайды екен. Сақшы көмекшілері сақадай сай болған кезінен бастап 8 жыл шекара шебінде қызмет етеді.

Шекара аймағының халқы да отан қорғаушыларға білек түре болысатын көрінеді. Тұрғындар арасынан 10 адамнан құралған еріктілер жасағы да бар. Олар өтуге болмайтын аймақтан күдікті адам көрінсе бөлімше бастығына соғып дереу хабар береді. Осы өңірде дүние есігін ашқан жас өспірімдердің арасынан да шекарашыларға қарап әскери мамандықты таңдағандар аз емес. Тіпті Тополевка ауылының Теректі орта мектеп КММ — нің оқушыларының «Шекарашының жас достары» атты ұйымы бар. Үйірме қатысушылары бөлімшеге келіп бой түзеп, патриоттық сезімін күшейтіп қайтады.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорған тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету күн тәртібінде

Талдықорған қаласында бүгінгі күнге 5895 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр. Жыл басынан бері тұрақты жұмыс орнына 645 адам орналасты. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша 3679 адам жұмыспен қамтылған. Осындай ақпаратпен
Жетісу облысы

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық  кластерлік  зерттеу  басталады. Ол  еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және
Қоғам

Талдықорғанда контрафактілік өнімдер анықталды

Әділет департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері «Контрафактілікке жол жоқ!» республикалық акциясы аясында Талдықорған қаласындағы ірі сауда орындарына 6 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 100-ге жуық контрафактілік өнім сатылымнан алынып, сауда нүктелерінің иелері
Жетісу облысы

Жетісуда жылыту маусымына дайындық бойынша баспасөз туры өтті

БАҚ өкілдері мен блогерлер Текелі қаласындағы жылу құбырларына жүргізіліп  жатқан  жөндеу жұмыстарымен танысып, Ескелді ауданы, Шымыр ауылындағы газ тарату стансасы мен Талдықорған қаласындағы «Басқуат»  қазандығында  болды. Жетісу облысының энергетика және