Мен, Абдукулов Ғалымбек Сәрсембекұлы, 1964 жылы Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында дүниеге келдім. 1981 жылы Республикалық физика-математика мектебін бітірдім. 1981-1986 жылдар аралығында Алматы сәулет-құрылыс институтында «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша оқыдым.
Еңбек жолымды ПМК-87 «Иливодстрой» мекемесінде құрылыс шебері болып бастадым. Ал 1986-1988 жылдар аралығында Отан алдындағы борышымды өтедім. 1988-1989 жылдар аралығында ПМК-87 «Иливодстрой» мекемесінде құрылыс шебері болып жұмысымды жалғастырдым. 1989-2004 жж. ПМК-108 ПСЭО «Алма-ата мелиорациясында» прораб болсам, 2004-2010 жж «Бледа» ЖШС-нің шебері, 2008-2017 жылдары «Ақ-Астық» АТК төрағасы болдым. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Бақанас–Астық» АӨК төрағасымын. 2001 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Құрметті сайлаушылар!
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде өзіме жүзеге асыратын бірқатар міндеттерді қойдым:
- Бақбақты ауылындағы мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтарға барынша қолдау көрсету;
- Ішкі жолдардың жөнделуін және көшелерді жарықтандыру жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қадағалау;
- Ауылдағы спорт нысанын салу мәселесінің шешілуіне атсалысу;
- Бақбақты ауылында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін салынып жатқан 10 тұрғын үйдің және инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысын қатаң қадағалау;
- Бақбақты ауылындағы көшелердегі бұрынғы жылдағы егілген ағаштардың 70 пайызының жойылуына байланысты, орнына қайта жас ағаш көшеттерін отырғызу және ауыл тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына атсалысу;
- Бақбақты ауылындағы медицина нысанына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету;
- Ауылды орталықтандырылған ауызсумен толық қамтамасыз ету мәселесін шешумен айналысу.
Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін тауып, оларды жүзеге асыру үшін жұмыс атқаратын боламын.
Құрметті жерлестер!
Мен тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту мақсаттарына жету үшін сайлауға түсемін. Мемлекеттің мызғымас ұстанымы – ата-бабамыздан бізге қалған мұра. Мені ел үшін бәрін жасайтын, соған талпынатын азамат ретінде қабылдаңыздар!
Сіздердің дауыс Мен үшін өте маңызды!
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.