Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаттын Талдықорған қаласының сарапшылары талдады.
Жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы, жастар саясаты жөніндегі проректор, басқарма төрағасы, ректор аппаратының басшысы, филология, тарих, заң, психология, экономик ғылымдарының кандидаттары мен оқытушылар және белсенділер қатысты.
Талқылау барысында ұжым әртүрлі бағытта өз ойларымен бөлісіп, сұхбатты толығымен саралап шықты. Сондай-ақ, өңірімізде мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған қызметтермен танысып, биыл іске асырылатынды жоспармен бөлісті.