Жетісу облысыҚоғам

«NAZ-I» премьералық қойылымы Талдықорған қаласында

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, Алматы қаласының «JOL» театры Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрына гастрольдік сапармен келеді. Сіздерді сәуір айының 17-сі күні Мар Байджиевтің «Махаббат жағалауы» пьесасының негізінде сахналанатын «NAZ-I»  спектаклінің премьерасына шақырамыз!

«NAZ-I» қойылымына  қыз тағдыры, назы мен бар сезімі арқау болған. Шығарманы аударған: Қ.Төлеуішов. Қойылым режиссері:  АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен М.Чехов атындағы театр фестивалінің, халықаралық театр фестивальдерінің  лауреаты Данияр Базарқұлов.

Жағалау жағасы мен ондағы тіршілікке серік болған Нази.  Дәл осы теңіз бен оның тағдыры, осы күнге дейін өткен өмірі, көрген, білгені —  бәрі де осында ақтарылады. Ол күткен махаббат, ол күткен сезім шырмауы мұншалықты күрделі боларын сезбеді де. Қыз тағдыры, назы мен сезімінің ақтарылар тұсы жақындап қалды. Театрда жүздескенше көрермен!