Жетісу облысы

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тасымалдау мәселесі талқыланды

Ел  аумағында  әскери  және  арнайы  тауарлардың қозғалысы Қазақстан  Республикасының  Заңымен  реттеледі. Ол  Мемлекеттік кірістер органдарының  бақылауына  алынып, тауарлардың өтуі қадағаланады. Кедендік  тексеруден бекітілген тізіммен ғана өтетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар бар.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларға әскери мақсатты қолданылатын бақылау тізімінде көрсетілген заттар жатады. Яғни, қару-жарақ, әскери техника, технологиялар, бағдарламалық қамтылым, техникалық және арнайы құралдар, материалдар, өндіруге және сынауға арналған жабдық, олардың жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері сынды тауарлар. Мұны мемлекеттік шекарадан алып өтпекші болған кәсіпкердің міндетті түрде қолында құзырлы органдардан алған лицензиясы болуы керек. Арнайы құжат болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке  тартылады.