Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойы Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде халықаралық деңгейде ұлықталды. Әдеби мұрасына ерекше із қалдырған жазушының еңбектері бүгінгі таңда да кеңінен насихатталып, шетелдік оқырмандар арасында танымалдыққа ие болуда.
Осы шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өткізілді.
Алқалы жиынға ҚР МАМ комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, көпшілікке ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын жеткізді . Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын облыстық маслихат төрағасы Қуат Байғоджаев жеткізді. Сондай-ақ отырысқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. 1952 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгер көзі тірісінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде танылды. Балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысына айналған оның шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде әлі күнге өзектілігін жоймай келеді.
Қазақстан тарапы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.