Без рубрики

Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай Республика күніне арнап «Жаса қазағым» патриоттық әнін жазған, деп хабарлайды Қонаев қаласының әкімдігі.

Шаһарда өткен салтанатты шарада әннің тұсауы кесілді.

Досжан Ақатайдың бірнеше композициясы бар. Бірақ, өнер оның бос уақытында айналысатын кәсібі ғана.

«Өнермен әуесқой композитор ретінде ғана айналысамын. «Жаса қазағым» әнін алдын ала дайындалып жүріп, 1 күннің ішінде жазып шықтым. goldstar medical equipment store Ұлттың рухын көтеретін ән жазғым келіп жүрген. Бұған дейін бірнеше композиция шығардым. Бүгінгі айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Ел еңсесі биік болсын!» – деді Досжан Ақатай.