Жаңалық

Алматы облысында бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды. Қоғамдық-саяси жұмыстарда қажырлы қызмет атқарып, еңбектері еленген азаматтарды Қуат Байғоджаев құттықтап, марапаттарды табыстады.

«Республика күні – айтулы даталардың бірі. Дәл осы күні еліміздің Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған. Бұл шешімге сәйкес егемендігімізді мәлім ететін жеке территориямыз бен азаматтығымыз, мемлекеттік бюджетіміз бен халықаралық қатынастардағы дербестігіміз және мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Жақында Ел Президентінің Жарлығымен бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, қайта жаңғырды. Осынау мерекелі күн сәтінде сый-құрметке ие болған жандарды шын жүректен құттықтаймын. «AMANAT» партиясы өз кәсібінің білікті мамандарын, еліміздің өркендеуіне, қарыштап дамуына үлес қосқан азаматтарын елеусіз қалдырған емес. Өз салаларыңыздың үздігі атануларыңызға тілектеспін!», – деді филиал төрағасы.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жақ-бет хирургтері МӘМС есебінен бет остеосинтезі отасын жүргізді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 1980 жылы туған ер адам маңдай облысының ауыруы, бас айналуы және қатты бас ауруы туралы шағымдармен жүгінді. Науқастың айтуы бойынша, ол құлап, басын
Жаңалық

Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   Мен «жұмыс істемейтін
Жаңалық

Алматы облысында балалардың суға кету жағдайы тіркелген жоқ

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті басқа да тиісті органдармен бірлесе отыра өңіріміздің су айдындарында, әсіресе ауылдық жерлерде қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін  2 мыңнан астам рейдтік шара өткізді.   Профилактикалық жұмыс
Жаңалық

Алматы облысында газбен жабдықтау жүйелері қатаң назарда

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті басшысының орынбасары Канат Есболганов мәлімдеді. Қазіргі таңда аймақта тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату