Жаңалық

Жетісу облысында Отбасы банк жеңілдетілген кредит беру бойынша өтінімдерді қабылдау туралы жариялады

Оtbasybank.kz порталында Жетісу облысының тұрғындары үшін жеңілдікпен кредит беруге өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады. Өтінімдер 2023 жылғы 16-31 қазан аралығында қабылданады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдос Жақыпбек, «Отбасы банкі» АҚ Жетісу ҚҚ директорының орынбасары Қуандық Нұрғалиев және бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Мұрат Бөлегенов айтып берді.
Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 15 209 адам тіркелген. 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін 230 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, наурыз айында инвесторлардың қолдауымен 60 пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар арасында бөлінді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың 6 санаты бар. Олар: «Алтын», «Күміс» алқалы көпбалалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар, жалғыз тұрғынжайы тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары, және Ұлы Отан соғысының ардагерлері», — деді Айдос Жақыпбек.
«Отбасы банкі» АҚ Жетісу ҚҚ директорының орынбасары Қуандық Нұрғалиевтің айтуынша: «Несиелердің бастапқы жарнасы 10% болса жыл сайын 2% және 5% ставка бойынша беріледі. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін. Тұрғын үйге кезекте тұрған өңір тұрғындары қатысуға өтінім бере алады. Қыркүйек айында «Береке» коттедж кентінде орналасқан 25 үй кезек тәртібімен көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ, 25 қазанда Республика күніне орай «Береке» коттедж кентінде орналасқан тағы 11 үйдің кілттері табыс етіледі. Ағымдағы жылы 35 жасқа дейін бюджеті 400 миллион теңгені құрайтын «Жетісу жастары» бағдарламасы басталды. Сондай-ақ 4-тоқсанда осы санаттағы азаматтарға 500 миллион теңге бөлінді».
Бағдарламаға қатысушылар порталдағы қаланың нақты үйіндегі пәтерге өтінім береді otbasybank.kz. Талдықорғанда өтінімдерді қабылдау 509 пәтер бойынша басталды.
«Тұрғын үй оңтүстік-батыс тұрғын ауданында, №9 шағынауданында орналасқан. Қатысушылар кезекке қойылған күні бойынша іріктеледі. Кезекте тұрғандардың екі санаты басымдыққа ие: мүгедектігі бар адамдар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін Кезекте тұрғандардың Отбасы банкінде депозиті болуы қажет», — деп түйіндеді Мұрат Бөлегенов.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында заңсыз қаруды сатып алуға 3 млн теңге бөлінген

  Облыс көлемінде заңсыз тіркеуде жоқ қару-жарақтарды ақшалай сатып алу акциясы өз мәресіне жетіп, қаражат толығымен игерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының
Жаңалық

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, келесі жылы МӘМС-ке қанша
Жаңалық

АИТВ инфекциясының алдын алу

Жылдан жылға АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы күределеніп келеді. Сондықтан АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында жалпы АИТВ деген қандай инфекция, берілу жолдары, клиникалық белгілері, алдын алу жолдары туралы толықтай тоқталып өтейін!
Жаңалық

Алматы облысында 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды

  Облыста 500 мыңға жуық отбасының ақпараты цифрлық картаға енгізіліп,30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы