Жаңалықтар

Қонаев қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бұл туралы Алматы облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

2024 жылдың 1 қараша күні Алматы облысы Қонаев қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өтеді.

Шараның негізгі мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың террористік қауіп-қатерлерге жылдам ден қоюға дайындық деңгейін тексеру. Жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал нысандарда терактінің алдын алу шаралары пысықталады.

Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға, сондай-ақ көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.