Жаңалық

Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

 

Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс бойынша 35 мыңға жуық азамат 2,8 млн теңге көлік салығына қарыз. Ал 38 мыңнан аса адам мүлік салығы бойынша 34,1 миллион теңге берешек. Қарыз көлемі бойынша Қарасай, Талғар және Іле аудандары көш бастап тұр.

“Салықты уақытында төлемеу азаматтарға ескерту жасауға алып келеді. Егер қарыз өтелмесе, іс сот орындаушыларына жіберіліп, борышкердің есепшоттары бұғатталуы мүмкін. Бұл қаржылық қиындықтар мен шектеулерге алып келетіні анық,” – деп түсіндірді Олжас Отар.

Сонымен қатар,мүлік және көлік салығы бойынша айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ,мүлік салығынан босатылған азаматтардың саны 29 211 адамды құрап, 15,3 миллион теңге жеңілдік жасалды.
20 306 жеке тұлға көлік құралдарына қатысты 205,4 миллион теңгеге, ал 11 мыңға жуық жеке шаруақожалығы 101,2 миллион теңгеге жеңілдіктер алған. Жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлерге, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы аналарға және басқа да әлеуметтік санаттағы азаматтарға
арналған.

Бұдан бөлек, облыс бойынша 361мыңнан аса азамат декларация тапсыруға міндеттелген. Оның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы декларацияларды 308 101 азамат тапсырды, бұл жалпы қажеттіліктің 85,3%-ын құрайды. Атап айтқанда, 250.00 нысанын 156 831, ал 270.00 нысанын 151 270 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкер өткізді.

“Декларацияларды уақытында тапсыру – заң талаптарын орындау ғана емес, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Бұл біздің қаржылық мәдениетімізді көрсетіп, экономикалық тұрақтылыққа үлес қосады,” – деп қосты Олжас Отар.

Салық департаменті декларацияларды уақытында тапсыру мен салықтарды төлеудің маңыздылығын түсіндіру бойынша үнемі ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 1700-ден астам жас әскерге шақырылады

  Бұл туралы Алматы облысының Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары полковник Дулат Акишев пен Қонаев қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру бөлімінің бастығы капитан Жамиля Бұхарбаева баспасөз мәслихатында хабарлады. Полковник
Жаңалық

Алматыда ортопедия және травматология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция табысты өтті

7-8 қарашада Алматыда «Қолданбалы ғылымдағы заманауи жетістіктер: биомеханикалық зерттеулерден клиникалық сынақтарға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан,
Жаңалық

Алматы облысында тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау күшейтілді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аппарат жиынында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы рейдтік шараларды күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы аудан, қала әкімдіктері, құқық қорғау, экология және төтенше жағдай департаменттеріне «Таза Қазақстан» мен
Жаңалық

Алматы облысындағы Топар өзенінің арнасы тазартылып жатыр

Алматы облысындағы Топар ауылы шалғайда жатқан елдімекеннің бірі. Бірнеше жыл бойы Топар өзені тартылып, ауылға су жетпей құмға сіңді. Тіршілік нәрінен таршылық көрген тұрғындар бұл мәселені аудан, облыс басшылығына айтумен-ақ