Жаңалық

Алматы облысында 1700-ден астам жас әскерге шақырылады

 

Бұл туралы Алматы облысының Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары полковник Дулат Акишев пен Қонаев қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру бөлімінің бастығы капитан Жамиля Бұхарбаева баспасөз мәслихатында хабарлады.

Полковник Дулат Акишевтің мәлімдеуінше, ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес, күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айында басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Осы кезеңде Алматы облысынан 18-27 жас аралығындағы 1 771 жас сарбаз мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың 850-ден астамы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет етсе, қалған 921 азамат Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдерінде қызмет атқарады.

Әскер жасындағы ер азаматтарға дербес шақыру қағаздары жолданады. Құжат SMS-хабарламалар арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығынан жіберіліп, жеке шақыртулар олардың мекенжайларына жеткізіледі.

Шақырылу процесі жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. Азаматтардың істі болмауы, денсаулығының жарамдылығы, психологтың ұсынысы және кәсіби білімі ескеріледі.

Биылғы жылдың жаңалығы – әскери қызметшілерге арналған несиелік демалыс мүмкіндігі. Әскери қызмет барысында және одан кейінгі екі ай ішінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 1 млрд 828 млн теңге көлемінде несиелік демалысқа ие болып отыр.

Қызметін аяқтаған сарбаздарға білім беру саласында да айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған.
«Олар жоғары оқу орындарына түсуге басымдыққа ие болып, жатақханадан орын алуға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда 1,5 мыңнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін оқуға қабылданып, тағы 700-ден астамы ақылы негізде оқуға түсті», – деп қосты полковник Акишев.

Сонымен қатар, көктемде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыруда, – деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы: су айдындарындағы су көлемі бақылауда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында вегетациялық кезеңге дайындық туралы талқыланды. Қазсушар РМК-ның Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстановтың айтуынша, аталмыш филиал өңірдегі 5 ауданға суармалы
Жаңалық

Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

лматы облысының орталығы Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес шаһардағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу көзделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2021-2023
Жаңалық

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артып отыр. Өткен жылғы эпидкезеңмен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. ЖРВИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар жиі сырқаттанады. Олар 68,2%.   «ЖРВИ мен тұмаудың 2023-2024жж. эпидемиялық маусымында