Жаңалық

Алматы облысындағы Топар өзенінің арнасы тазартылып жатыр

Алматы облысындағы Топар ауылы шалғайда жатқан елдімекеннің бірі.

Бірнеше жыл бойы Топар өзені тартылып, ауылға су жетпей құмға сіңді. Тіршілік нәрінен таршылық көрген тұрғындар бұл мәселені аудан, облыс басшылығына айтумен-ақ келген. Үнемі кейінге шегерілген іс басталып кетті. Келер жылы Іледе су мол болса, қос ауыл арасы сулы, нулы өлкеге айналуы мүмкін, дейді Хабар24 арнасы.

Аралтөбе ауылының маңында тегеурінді техника жұмыс істеп жатыр. Топар өзенінің құрғап қалған арнасын механикалық тазалау бір ай бұрын басталды. Содан бері өзеннің өзегі тамырланып кеткен бұта, қурайлардан, тұрмыстық қалдықтардан аршылды.

«Арналар бітелген. Қазір механикалық тазалау жұмыстары. Бұрынғы арнасынан екі метрге төмен қазып жатыр. Биылғыдай су көп болса осы арнамен толық жүреді деген жоспар бар, – дейді Ақжар ауылдық округінің әкімі Айдын Үркімбаев.

Аралтөбе – Іле өзені мен Топар ауылының ортасында орналасқан. Топарға судың тартылып жатқанына жергілікті тұрғындар да қуанышты. Өйткені су келсе, көп жылдан бері құрғап тұрған арна айдынға айналады. Ауыл тұрғындары жаздың аптап ыстығында өзен жағасын саялайды. Қолдағы мал да су іздеп алысқа ұзамайды.

«Тоқсаныншы жылдары қазған. Ол кезде бетін ғана алып кеткен. Бұл жолы жақсы қазды. «Осы енді ауылдың жаңалығы. Бәріміз қуанып жатырмыз. Жан жағы көгалданып ауылдың іші сондай бір әдемі болып тұрады», – дейді ауыл түрғыны Берік Тазабеков.

Қазір Аралтөбеде мыңға жуық халық тұрады. Шалғайдағы шағын ғана  ауылға жету қиын еді. Өйткені жол жағдайы нашар болатын. Бұл мәселе реттелді. Ауылдың ішкі көшелері жөнделды. Кіреберіс жолға асфальт төселді. Көршілес жатқан Топарға су Іле өзені арқылы барады. Кейінгі жылдары Іленің де деңгейі түсіп кетті. Күзде тіпті азаяды. Себебі егістік алқаптарын суару аяқталады. Бірақ соған қарамастан Топар сусыз қалмайды дейді жауапты мамандар. Көктемде өзен деңгейі көтерілгенде халық көптен күткен суға қол жеткізбек.

Қазір өзен арнасының 5 км тазартылып бітті. Жыл соңына дейін әлі алты км тазартылады. Ал су көктемде жіберіледі.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында шомылу маусымындағы адам өлімі 4 есе төмендеген

1 маусымнан бастап өңірде шомылу маусымы басталғалы департамент базасында 36 құтқарушы даярланды. Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов баспасөз мәслихатында баяндады. Спикердің айтуынша, көбіне судағы оқыс жағдайлар
Жаңалық

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды. «Өңір әкімдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізіп, Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде
Жаңалық

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін
Жаңалық

Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

Еліміздегі көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың алдын алу мақсатында “жалпыға бірдей декларация” тапсыру міндеттелген болатын. Ал,нысаның үшінші кезеңі 2024 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл туралы баспасөз мәслиханда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік