Жаңалық

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін қол жетімді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мүмкін болатын өзгерістер бойынша толық түсініктемелер берілді.

Бұл нені білдіреді?

МӘМС енгізудің бастапқы кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдар жүргізілуі мүмкін қызметкердің табысы бойынша жоғарғы шек көзделген. Оның мөлшері бүгінгі күні 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайды. Яғни, жарналар тек 850 мың теңгеге дейінгі табыстан алынуы мүмкін. Жоғарыдағы кірістен жарналар жасалмайды.

Не өзгереді?

Әділдік қағидатын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап жоғарғы шекті ЕТЖ мөлшерінен 10-нан 50 есеге дейін арттыруды ұсынды. Зейнетақы жүйесі де осы қағида бойынша жұмыс істейді, онда жоғарғы шегі ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерін құрайды.

Кіріс бойынша жоғарғы шекті не үшін көтеру қажет?

Бүгінгі таңда МӘМС-тің қазақстандық моделінде қаражатты регрессивті бөлу қолданылады. Яғни, табыс неғұрлым аз болса, кірістің пайыздық үлесі соғұрлым жоғары. Әділ жүйеде табысы төмен адамдар табысы жоғары адамдардан артық төлемеуі керек. Сондықтан ұсынылып отырған норма – жоғарғы шекті 50 ЕТЖ дейін ұлғайту — денсаулық шығыстары үшін жауапкершілікті неғұрлым әділ бөлуді көздейді.

Егер сандармен сөйлесек

Қазір: Орташа жалақысы 300 мың теңгені құрайтын қызметкерлер МӘМС-ке 6 мың теңге жарна төлейді.

1,5 млн теңге кіріс жағдайында, ал бұл орташа еңбекақыдан 5 есе жоғары, 10 ЕТЖ (850 мың теңге) көлемінде жоғарғы шек іске қосылады, сондықтан жарна 17 мың теңге, немесе кірістің 1,1%-ынан аспайды.

3 млн теңге кірістен, ал бұл орташа еңбекақыдан 10 есе жоғары, МӘМС-ке жарна сол секілді – 17 мың теңге, немесе кірістің 0,6% мөлшерінде қалады.

Өзгерістен кейін: 2024 жылға арналған ЕТЖ көлемі есепке алынып жоғарғы шек 4,2 млн теңгені құрайды. Кіріс жоғары болған сайын, жауапкершілік те жоғарылайды.

Бұл шара қанша қазақстандыққа әсер етеді?

Табысы 4 млн 250 мың теңгеден асатын тек 2,3 мың қызметкер үшін ғана МӘМС-ке жарналар бес есе артады. Бұл елдегі барлық жалдамалы жұмысшылардың 0,04% құрайды.

Жалпы, бұл норма 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді.

Қарапайым қазақстандықтарға мұның қандай пайдасы бар?

Аударымдарды ұлғайту денсаулық сақтау шығыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұған алдын алу, диагностика және емдеу кіреді. Медициналық қызметтер қол жетімді болады, технологияларды енгізу аурудың ерте кезеңдерінде алдын алуға немесе өмірді сақтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесі әлі де жеткілікті қаржыландырылмау мәселесіне тап болып отыр, бұл жалпы медициналық көмекті ұйымдастыруға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесі мен МӘМС-тің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етеді.

Related Posts

Жаңалық

Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Ауданға жалпы 19,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, 8230 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сумен жабдықтау және газдандыру жобасы аясында газға 12 ауыл қосылды. Қалған елді мекендерді газдандыру 2025
Жаңалық

Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек
Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

  Балқаш-Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашевтың мәліметінше, өңірде бес ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрап, жылына 3 660