Жаңалық

Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

 

Балқаш-Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашевтың мәліметінше, өңірде бес ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрап, жылына 3 660 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланған.
«Аталған жобалар ішкі нарықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да шығаруға мүмкіндік береді.Жоспар жүзеге толықтай асса, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде,”– деді инспекция өкілі.
Қазіргі уақытта Алматы және Жетісу облыстарында 70 балық шаруашылығы жұмыс істеп тұр, оның 57-сі белсенді түрде өнім өндіруде. Жыл басынан бері өңірде 5 200 тонна тауарлы балық өсірілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 тоннаға дейін артады.
Мемлекет балық шаруашылығын дамытуға ерекше қолдау көрсетуде. Жаңадан іске қосылған шаруашылықтарға субсидия бөлініп, жем-шөп пен жабдықтарға кеткен шығындардың бір бөлігі өтелуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге 2,5% жеңілдікпен, 10 жылға дейін 5 миллиард теңгеге дейін несие алу мүмкіндігі ұсынылған.
Брифингте қысқы балық аулау маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Қапшағай су қоймасы мен Балқаш көлінде балық аулау – табиғат аясындағы демалыстың танымал түрі. Дегенмен, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
«Әрбір балықшы мұздың қалыңдығын тексеріп, құтқару құралдарын пайдалануы керек», – деді Ринат Құмашев.
Сонымен қатар, мұз үстінде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау қажеттігі ескертілді.Егерде заңбұзушылық агықталған жағдайда 37 мың теңге көлемінде айыппұл салынуына әкеледі деп қортындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

  Алматы облысы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы ел экономикасының жетекші күштерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Биылғы аграрлық маусымда егістік алқаптарының көлемі азайғанымен, өнімділік рекордтық деңгейге жетіп, жаңа технологиялар мен
Жаңалық

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл
Жаңалық

Алматы облысында жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу деректері анықталды

Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды ҚМА Алматы облысы бойынша департаментімен жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Жаңалық

Шетелде емделуге кім құқылы?

МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады. Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке