Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында 75 жастағы кейуанаға күрделі ота жасалды. Ол Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына аса ауыр хәлде түскен. Ол үйінде бірнеше күн жатып қалған. Медициналық қызметкерлерге жүгінбеген. Аурухана қабырғасына түскен кейуанаға ақ халатты абзал жандар жедел панкреатитке шалдыққанын анықтады. Бірден медицина қызметкерлері облыстық ауруханадан консультация алып, консервативтік ем тағайындалған. Дәрігерлердің айтуынша, әйелде перитонит, яғни ұйқы безінің қабынуының асқыну салдарынан жаңа ауру белгілері қосылғандығы анықталған. Мамандар бірден шұғыл ота тағайындаған. Қалалық көпсалалы аурухана қабырғасында дәрігерлер бірден жұмылып, ауыр хәлдегі науқасты хирургия бөліміне жіберіп, қажетті ем-шара қабылдаған. 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті дәрігер аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ринат Ажибиев отаға кіріп, 75 жастағы қарияны аман алып қалды.
«Біздің бұл бағытта тәжірибеміз мол. Себебі, мұндай ауру тұрғындар арасында жиі кездеседі. Сәйкесінше, ота тағайындалатын науқастар саны да көп. Есебі жоқ. Бұл науқас ауыр хәлде келіп түсті. Қажетті емнің нәтижесінде біз азаматты аяқтан тік тұрғыздық. Амбулаториялық емін де алды. Жалпы, хирургия бөлімінде 4-5 ота жасалады», —
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында 75 жастағы кейуанаға ота МӘМС есебінен тегін жасалды. Елімізде 15 санатты топтағы азаматтарға ем тегін қарастырылған. Қатарында зейнеткерлер бар.