ЖаңалықтарЖетісу облысы

Сауда саласының дамуы және тұтынушылар құқықтарының қорғалуы талқыланды

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешев департаменттің 2024 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы БАҚ өкілдеріне баяндады.

Департаментке 2024 жылы 1242 өтініш өскен. Сонымен қатар, тұтынушыларға 67  001 915 теңге қайтарылған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 2024 жылы – жоспардан тыс 9 тексеру жүргізілді, оның ішінде 9 жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу анықталды, тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сауда саласында өткен  жылы  9 профилактикалық тексеру жүргізілді, оның ішінде 7 жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның артуы бөлігінде «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға 7 ұйғарым берілді.

Спикер тұтынушы құқықтарының мәселелерi бойынша әлеуметті және талдамалық  зерттеу де жүргізілгенін атап өтті. Оның мақсаты тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  жүйесінің жай-күйін,  проблемаларын және даму перспективаларын айқындау. Зерттеу екі кезеңмен жүргізілді. Сауалнама soc-opros.kz сайтында on-line режимінде жүргізілді. Тапсырыс беруші алдын ала келіскен және бекіткен арнайы сауалнамалар әзірленді. Сауалнамаларға осы зерттеу жобасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар енгізілді.