NewsЖетісу облысы

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін таңмен таласып сайлаушылар ағылып келуде. Тұрғындар референдумға үлкен белсеніділікпен қатысуда.


Осы дауыс бері учаскесіне тіркелген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова да бүгінгі саяси оқиғандан қалыс қалған жоқ. Еңбегімен ер атанып, ғибратты ғұмыр кешіп, ұрпаққа үлгі болып келе жатқан жан өз таңдауын жасап, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.

– Дауыс беру дегеніміз болашақ үшін таңдау жасадық деген сөз. Сондықтан менің де сіздердің де дауыстарыңыз маңызды, – деді дала аруы атанған апа.