Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалында «2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсіміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттер жөні түсіндірілді. Жемқорлық фактілерінің салдары талқыланды. Мамандар ондай істерге әкелетін жаза түрлеріне кеңінен тоқталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қатысты 2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу рәсіміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы түсіндірдік. Сондай-ақ сыйлықтарды, заңсыз ақшалай, материалдық сыйақылар мен алғыстарды алу және беру фактілерін, басқа да жеңілдіктер мен артықшылықтарды алу фактілерінің жолын кесу туралы заңда көзделген (соның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан болуы мүмкін арандатушылық әрекеттер) ережелерді жеткіздік», — дейді заң мәселелері юойынша бас сарапшы Бақытжан Еділұлы.
2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мәселесі бойынша филиал директоры Тілеухан Абилдаев толығымен егжей-тегжейлі түсіндірді. Филиалдың барлық қызметкерлеріне: 1) медициналық қызмет көрсетушілермен бейресми байланыс фактілерін болдырмауға; 2) мүдделер қақтығысының алдын алу немесе реттеу жөніндегі шектеулерді, тыйымдарды және талаптарды сақтауға; 3) сыйлықтарды, заңсыз ақшалай, материалдық сыйақылар мен алғыстарды алу және беру фактілеріне, сондай-ақ заңда көзделмеген жеңілдіктер мен артықшылықтар алудың өзге де фактілеріне (соның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан ықтимал арандатушылық әрекеттерге) жол бермеуге тапсырма берілді. Айта кетейік, мұндай кездесулер дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырылады.