2025 жылға дайындық қарқынды жүріп жатыр: штат 93%-ға толықтырылды, қызметкерлерді даярлау, жабдықтар мен көліктерді дайындау жұмыстары жүргізілуде, жаңа техника сатып алынды. Сондай-ақ, әуе патрульдеуге 2-4 класты тікұшақ бөлініп, 150 сағаттық ұшу уақыты қарастырылған.
Қызмет өрттің дала аумағынан орман алқаптарына таралуын болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар департаментімен тығыз өзара әрекеттесуде.
Талдықорған авиациялық бөлімшесінің құрамында орман өрттерін анықтау және сөндіру саласында маманданған жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың ішінде ұшқыш-бақылаушы, авиациялық өрт сөндіру тобының 2 нұсқаушысы және 7 десантшы-өрт сөндіруші бар.
Талдықорған авиациялық бөлімшесінің қарауындағы орман қорының жалпы аумағы 290 мың гектар. Бұл аумаққа 7 мемлекеттік коммуналдық мекеме мен бір мемлекеттік ұлттық табиғи парк кіреді.
Авиацияның негізгі міндеттері – орман өрттерін патрульдеу және сөндіру, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау және орман жағдайын мониторингтеу.