Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 984 жағдай тіркеліп, оның ішінде 707 зертханалық расталған.
Сонымен қатар, өңірде 46 275 адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен қамтылды.
Оның ішінде 6-10 айдағы балалар 4835, 2-4 жастағылар 30 482, медициналық қызметкері 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғын 7381. Облыста екпе алғандар саны күн сайын артып келеді.