Қоғам

Жетісу облысында ұрпақтар сабақтастығы жайлы жоба іске асты

Өңірімізде «Әжелер ертегісі» онлайн-клубы жұмыс істейді. Үйден шыға алмайтын ерекше балаларға арнап ватсап желісі арқылы аптасына кемінде екі рет 10 адамға арналған аудио ертегі тыңдатылады. Аталған шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жобасының аясында өтуде. Жоба жайлы ««Мүшелтой» аула клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қыдырбаева Дания Салимбайқызы мен Жетісу облысы білім басқармасының бас маманы Арысланов Руслан Әлімбатырұлы баяндады.

«Отбасы құндылықтарын, ұлттық байлық пен дәстүрімізді дәріптеуге  арналған жоба шеңберінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырдық. Мысалы өңір жастарын Кербұлақ ауданы Шанханай ауылындағы Шоқан Уәлихановтың мемориялдық мұражайына апарып, тұлғаның тұғырлы ғұмырына шолу өткіздік. Облыстағы мектеп және жоғарқы оқу орны суденттерімен 96 дәріс, 152 сынып сағаты, 88 кездесу өткізіліп, тарих тағылымына сыр шерттік», — дейді бірлестік жетекшісі.

Сонымен қатар облыс бойынша аудандық және қала аралық байқаулар өтті. Атап айтсақ: «Әке — асқар тауым» атты бейне-роликтер конкурсы, «Ұрпақты тәрбиелеу» ұранымен «Дана ене, дара келін, зерек бала» облыстық байқау бой алды. Жеңімпаздар ақшалай сертификат және алғыс хаттармен марапатталды.